Коронавирус • 18 Мамыр, 2022

Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, Гуанчжоуға Кениядан келген науқастан BA.2.12.1 омикронының жаңа нұсқасы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды

CCDC мәліметтері бойынша, сәуір айының соңында Найробиден (Кения) Гуанчжоуға келген 27 жастағы науқасқа 14 күндік карантин кезінде омикронның BA.2.12.1 нұсқасы диагнозы қойылған.

Омикронның жаңа нұсқасы әлемнің кем дегенде 23 елінде тіркелген. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдерді омикронның жаңа қосалқы нұсқасына байланысты жағдайдың ушығуын бақылауға алуға және мұқият болуға шақырған болатын. Өйткені, бұл омикронның басқа нұсқаларымен салыстырғанда, BA.2.1 иммундық қорғанысқа күшті қарсылық көрсетеді. Тіпті, коронавирусқа қарсы үдеткіш екпелер алған адамдарға да ауыр соғуы мүмкін. BA.2.12.1 омикронының өткізгіштігі BA.2 омикрон штамының нұсқасына қарағанда 23-27%-ға жоғары болып шықты.

Аяна Тоғанбек