Сырдария өзенінен Қызылорда облысы аумағына секундына 520 текше метр су ағып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі таңда Шардара су қоймасына - 4,81 млрд текше метр су, Көксарай су реттегіш қоймасына 139 млн текше метр су жинақталды. Ал Қызылорда су торабынан Сырдарияның төменгі ағысына жіберілген су көлемі - 56 текше метр. Су деңгейінің азаюына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде күрішті 78 346 гектарға егу межеленген.
«Шардарадан жоғары орналасқан су қоймаларына жинақталған су көлемі - 16,7 млрд текше метр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,1 млрд текше метрге артық. Сырдария өзені бассейніндегі ең үлкен су қоймасы - Тоқтағұлда 10 млрд текше су бар. Бүгінде Көксарай су реттегішіне жинақталған судың көлемі 140 млн текше метрді құрады», деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бөлім басшысы Сейітхан Абуов.
Соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі судың тапшылығы көлдердің құрғауына, ауыл шаруашылығы дақылдарының азаюына әкелуде. Су тапшылығына байланысты 20 жоба іске асырылмақ.
«Биыл жалпы ұзындығы 1 034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жаңақорған ауданында Сырдария өзеніндегі үрмелі су тоспасының істен шығуына байланысты Келінтөбе магистралды каналы суландырылмақ. Сондай-ақ Келінтөбе магистралды каналының 9,2 шақырымы тазаланып, қосымша секундына 14-15 текше метр су беру көзделген», деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Жұлдызай Айтжанова.
«Облыс бойынша барлық каналдардан секундына 424 текше метр су алынуда. Дегенмен Сырдария өзенінде күрделі су тапшылығы болуы мүмкін. Әсіресе бұл жағдай Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында қатты сезіледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, 55 927 гектарға күріш дақылы егіледі. Қала және аудандар бойынша күріш дақылын егу жұмыстарын 1 маусымға дейін аяқтау туралы хат жолданды. Қарапайым шаруа иелері де су тапшылығын ескеріп, егіс көлемін азайтуы керек. Олай етпеген жағдайда қиын жағдайға ұшырауы мүмкін», деді «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар