Қазақстан • 19 Мамыр, 2022

Ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Феде­ра­циясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Әңгімелесу барысында Үкі­мет басшылары екіжақты күн тәр­т­і­біндегі өзекті мәселелерді қарастырып, сауда-экономикалық ынты­мақ­тастықты, өнеркәсіптік кооперация­ны және өңірлік өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығына тоқ­талды.

Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин өзара қызығушылық ту­ды­ратын негізгі экономикалық сала­лар бойынша стратегиялық серік­тестікті нығайтуға дайын екендік­терін атап өтті.