Глубокое ауданында дәстүрлі облыстық «Аяулы жас келін» байқауы өтті. Инабатты да, ибалы келіндер қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және тағамдарын білуден сайысқа түсіп, үй шаруасына деген қабілеттерін көрсетті.

Аудан орталығындағы мәдениет үйінің алаңында қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, есік алдында жас келіндер самаурын қойды. Шай қайнағанша, шырылдаған майға бауырсақ пісірісті. Облыстық байқауға алғаш рет қатысып отырған Анжелика қазақтың салт-дәстүрі оған таңсық емес екендігін айтады. Ол екі жыл бұрын қазақ отбасына келін болып түсіпті.
– Алғашқы күндері қазақтың әдет-ғұрыптары маған таныс емес еді. Уақыт өте, көп дүниені үйрендім. Қазір қамыр илеу, нан жаю, бауырсақ, шелпек пісіру – күнделікті жұмысым. Бүгінгі сайысқа жұбайым,10 айлық қызым қолдау көрсетіп, келіп отыр, – дейді Өскемен қаласынан келген қатысушы Анжелика Шабданбекова.
Байқауға облыстың әр ауданынан келген 16 келін қатысты. Көңілді іс-шараның көрермендері алғашқы бөлімде «Жас келіннің бір күні» атты бейнероликті тамашалады. Мұнда келіндер өздерінің бір күндік тыныс-тіршіліктерін түсірген еді. Одан кейінгі «Ас – адамның арқауы» кезеңінде ұлттық тағамдар әзірлеп, ұмытылып бара жатқан ас түрлерін ұсынды. Олардың дайындалу жолдарын түсіндірді. Интеллектуалдық бөлімде қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Ал шығармашылық сайыста бірі ән айтты, бірі би биледі, енді бірі мәнерлеп өлең оқыды... Ең соңғы «Ақ орамал» бөлімінде әр ұлт өкілінің қатысушысы келіннің басына байлайтын орамалдың шығу тарихы, ерекшелігі, орамалды тағу мәдениеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сайыстың негізін қалаған Арайлым Есімбекованың айтуынша, дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Аяулы жас келін» байқауы Достық үйінің 30 жылдығына орайластыра ұйымдастырылды.
– Бұған дейін тек қазақ қыздары қатысып келген байқаудың ауқымы кеңейіп, өзге ұлт өкілдері де қатысуға ниет білдірді. Енді біз басқа этностардың салт-дәстүрлерімен және ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алдық, – дейді А.Есімбекқызы.
Сөйтіп жас келіндердің ақылы мен парасаты сынға түскен байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. «Аяулы жас келін» байқауында үшінші орынды Өскеменнің атынан сынға түскен Анжелика Шабданбекова иеленсе, екінші орын Глубокое ауданынан Ажар Төлеуқанова мен риддерлік Ардақ Малтаеваға бұйырды. Бас жүлдені сонау Абай ауданынан келген Айдана Байтөсова жеңіп алды. Қатысушылардың барлығы алғысхаттармен, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысы,
Глубокое ауданы
ҰБТ ережесін бұзу дерегі 4 есе азайды
Білім • Бүгін, 13:45
Өскеменде есірткі тасымалымен айналысқан күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:30
Қарағандыда құрбан шалатын орындар анықталды
Аймақтар • Бүгін, 13:12
Ұлытау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:52
Головкин мен Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Бокс • Бүгін, 12:39
Президент мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды
Президент • Бүгін, 12:30
Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алғандарға сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалдық кездесуін өткізеді
Теннис • Бүгін, 12:12
Президент: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет
Президент • Бүгін, 12:04
Алматының екі ауданында бірнеше күн ыстық су болмайды
Аймақтар • Бүгін, 11:59
Қызылордада 20 жастағы қыз аса ірі синтетикалық есірткімен ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:33
Еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Қоғам • Бүгін, 11:25
Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді
Қазақстан • Бүгін, 11:16
Алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Қаржы • Бүгін, 10:59
Маймыл шешегі балаларға жұға бастады
Әлем • Бүгін, 10:47
Оқиға • Бүгін, 10:37
Қаржы министрінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:24
Қазақстанда 1734 науқас коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:18
Әлемде аштықтан жапа шеккендер көбейді – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:06
Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:55
Антикор Лариса Пактың өліміне қатысты тергеуді бастады
ANTIKOR • Бүгін, 09:45
ЕҚЫҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді
Парламент • Бүгін, 09:31
Елордада жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
Елорда • Бүгін, 09:23
Brent маркалы мұнай бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 09:10
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:00
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар