Референдум-2022 • 20 Мамыр, 2022

Халық тілегінен туған бастама

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасы туралы айтты. Бұл бағдарлама қалың көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр.

Халық тілегінен туған бастама

Жаңарған Қазақстанда Прези­дент айтқандай, саяси жүйе түбегейлі өзгеруге тиіс. Бұл – Қазақстан жұртшылығының талап-тілегінен туып отырғаны ақиқат. Ал оны жүзеге асыру үшін еліміздің Конституциясы, яғни Ата Заңымызға елеулі өзге­ріс­тер енгізілуі – заман талабы.

Қазақстанда конституция­лық реформа жасау үшін білікті заңгерлер мен ғалымдар, саясаткер мамандар тобынан құралған сарапшылар іске кірісті. Соның нәтижесінде Негізгі Заңы­мызға көптеген өзгеріс енгізіледі. Осыған орай елімізде конституциялық реформа жүзе­ге асып, бүкілхалықтық референдум өткізілетін болды. Ал оған респубика жұртшы­лығы бір кісідей атсалысып, белсен­ділік танытулары тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерту­лер енгізуге орай референдум өткізу туралы ұсы­нысы Ата Заңымыздың жа­ңаша сипатқа ие болатын­дығын көрсетеді. Бұл – еліміз­дің тағдыры үшін жаңа қадам, айрық­ша мәнге ие. Бұл – даму­дың жаңа әрі тарихи кезеңі. Сон­дықтан елімізде санаулы күн­дерден кейін өтетін бү­кілха­лықтық референдумға түгел қаты­сып, Жаңа және Әді­летті Қазақстанды құруға бар­ша­­мыз атсалысайық. Бұл халқы­мыздың жарқын болашағы үшін керек.

 

Саясат БЕЙІСБАЙ,

Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы