2022 жылғы 18 мамырда сағат 23:28-де 102 пультіне белгісіз ер адамның үйге кіріп, пышақпен қорқытқаны туралы хабарлама түскен.
Аталған мекенжайға келген полицейлер үйдің ішінде өрт басталғанын байқап, оқиға орнына дереу өрт сөндірушілерді шақырған.
«Жатын бөлмеде зорлық-зомбылықтың белгілері бар 57 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Аяна Тоғанбек