Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі

35 рет көрсетілді

Маңғыстауда 10 білім мекемесінің басшыларына айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында 10 білім ұйымының басшысы кәсіпкерлік қызметпен айналысып, заң бұзушылықтарға жол берді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 154-бабы бойынша іс қозғалып, кінәлілер айыппұл төледі.

Өңірде осы ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті білім мекемелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндірді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған. Бүгінгі күні мектеп директорларының арасында кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар анықталып отыр. Сондықтан бүгінгі кездесудің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қайта түсіндіру», деді Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының басшысы Қайрат Бәйгебаев.

Спикер мемлекеттік органдардың басшылары өздеріне бағынысты мекеме басшыларын тағайындау кезінде олардан активтері мен міндеттері туралы декларация қабылдауы шарт екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен бірге түлеген

Әдебиет • Бүгін, 08:33

Баладан қашқан безбүйрек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Студенттер ара бағып жүр

Білім • Бүгін, 08:28

Маса мазаны ала бастады

Аймақтар • Бүгін, 08:27

Қалыпты ұйқы – қуат көзі

Қоғам • Бүгін, 08:26

Берешек – 24,3 млрд теңге

Экономика • Бүгін, 08:24

Үздіктер анықталды

Қоғам • Бүгін, 08:21

Жұртшылыққа қарай жаңа қадам

Аймақтар • Бүгін, 08:19

Алға ұмтылған Ақмола

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Ашық қоғамның айқын көрінісі

Қазақстан • Бүгін, 08:15

Семей қаласының гербі бекітілді

Аймақтар • Бүгін, 07:47

Бас жүлде бұйырмады

Спорт • Бүгін, 07:42

Жоспарын жария етті

Спорт • Бүгін, 07:40

Ұқсас жаңалықтар