«2022 жылдың 19 мамыры күні сағат 20:12-де «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы шағым түсті. Осыдан кейін полиция аталған адамды ұстау бойынша шұғыл шара қабылдады. Іздестіру жұмыстары барысында ол ұсталып, қамауға алынды», делінген таратылған хабарламада.
Полиция мәліметіне қарағанда, күдікке ілінген аталған 33 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
«Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды», деп аталып өткен.
Аяна Тоғанбек