Әлем • 22 Мамыр, 2022

Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Кадамжай ауданында, қырғыз-өзбек шекарасындағы «Чечме» өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал 11 көлікті соғып, адамдарды қағып кетті, салдарынан сегіз адам көз жұмды, жеті адам зардап шекті, деп хабарайды Egemen.kz.

Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті

Үрейлі апат сенбі күні түстен кейін болған. Жүк көлігінің тежегіштері істен шыққаны хабарланып отыр. Жүк көлігі сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен жүрді. Жүргізуші Қырғызстаннан Өзбекстанға бет алған еді.

Қаза болғандардың арасында Қырғызстан ТЖМ-нің екі қызметкері бар. Оқиға орнында Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары тиісті тексеру амалдарын жүргізуде.

Аяна Тоғанбек

 

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Бүгін, 20:44