Ауа райы • 23 Мамыр, 2022

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 24-26 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, Екатеринбург ауданының циклонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер республиканың көптеген облыстарындағы ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады.

«Найзағай мен желдің күшеюімен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Кезеңнің соңында еліміздің батысына солтүстік-батыс антициклон жотасы тарайды, жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

24 мамырда түнде және таңертең орталықта, шығыста, 26 мамырда батыста топырақ бетінде 2°C дейін үсік жүруі мүмкін.