Референдум-2022 • 24 Мамыр, 2022

Бұл – өзекті мәселені бірлесіп шешу жолы

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Референдум халықтың сая­си белсенділігін арттыру­ға, азаматтардың қоғамның өзекті мәселелерін бірлесіп шешу мүмкіндігін қамтама­сыз ету мен Жаңа Қазақстан­ды құруға тікелей қатысуға бағытталған».

Бұл – өзекті мәселені бірлесіп шешу жолы

Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Мәди Ахметовтің Алматы қаласындағы еліміздегі жетекші жоғары оқу орындар­дың бірі Қазақ бас сәулет-құры­лыс акаде­миясының ұжымы және сту­денттерімен кездесуі кезін­де осындай ойлар айтылды. Кездесу кезінде депутат­тар Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар, Конс­титу­цияға енгізілген түзетулер туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.

«Конституция – кез келген мем­лекеттің іргетасы. Қазіргі қоғам­да өзгерістер үлкен сұраныс­қа ие. Референдум өтетін күнге аз ғана уақыт қалды. Әрбір азамат ел дамуының жаңа кезеңін қа­лып­тас­тыруға қатысып, үлесін қосу­ға мүмкіндік туды», деді Елнұр Бей­сенбаев. Е.Бейсенбаев сту­дент­тердің сұрақтарына жауап бере келе, бүгінде қоғамда қызу талқыланып жүрген саяси реформалар көптеген жыл бойы қалыптасқан қоғамның сұранысынан туындаған ауқымды реформалар болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Amanat партия­сының мүшелері әрбір қазақстандық­тың алдын­да маңызды шешім қа­был­дау міндеті тұрғанын атап өт­ті. «Қазір еліміздің бар­лық өңірі мен елді мекен­інде мемлекетіміздің басты құжатына түзетулер енгізу­­ге қатысты ауқымды ақпа­рат­тық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біз алматылық жастармен кездесуде олардың референдумға де­ген қызығушылығы жоғары еке­нін байқадық. Себебі іс-шаралар­да көптеген өзекті тақырып көтеріліп, студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін ашық білдірді. Ел Президенті ұсынған негізгі реформалар олардың қоғамдық-саяси болашағына деген сенімін нығайтуда», деді депутат Мәди Ахметов.

Кездесу соңында қатысу­шы­лардың көпшілігі конс­ти­ту­циялық түзетулер жобасы бойын­ша ел тұрғындарының жалпыға бірдей дауыс беруі бірлігімізді арттырады деген ортақ пікірге келді.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар