Елдің экономикасын өрге сүйрейтін сала – ғылым. Президент те ғылымға көңіл бөлу керектігін баса айтты. Ал Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларды ғылым саласын меңгеруге ден қойып жатыр. Жуырда аталған мектептің екі оқушысы Ресейде өткен «Человек-Земля-Космос» ғылыми-зерттеу олимпиадасында ІІ орынға ие болды.

10-сынып оқушылары Қымбат Байсапина мен Нұрай Жанатбекқызының «Жаңбыр суын жинайтын дренаж жүйесі және заманауи қаладағы жолдық экоинфраструктура» атты жобасы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған. Жас зерттеушілер бұл тақырыптағы еңбектерін екі жыл бұрын қолға алған.
– Мұндай жобаны қолға алуымызға қаламыздың көшелеріндегі жағдай себеп болды. Жасыратыны жоқ, жауын жауса Семей көшелеріне су жиналатынын көзіміз көріп жүр. Біз бақылаған Ә.Тәңірбергенов, Глинка, Селевин, Қабанбай батыр, Абай, Ш.Қаржаубайұлы сынды негізгі көшелері көлкіп кетеді. Соның салдарынан асфальттің қопарылуы өз алдына, жаяу жүргінші аяқ алып жүре алмай қалады. Көлік кептелісі пайда болды. Сондықтан қала ішіндегі жолдарда жаңбыр мен қар суы жиналмауы үшін жол жиегін көгалдандыруға мүмкіндік беретін дренаж жүйесі мен экологиялық инфрақұрылым моделін әзірлеуді жүзеге асырмақпыз, – дейді Нұрай Жанатбекқызы.
Сонымен қатар заманауи қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз жол қозғалысы жоспарын жасап шығаруды көздеп отырған Қымбат пен Нұрайдың зерттеу обьектілері – жол, дренаж, топырақ, жаңбыр суы, көгалдандыру, жел энергиясы. Дренаж жүйесінің макетін жасауға және математикалық есептеулерді жүргізуге қаламыздағы Қарағайлы ауданы зерттеу объектісі ретінде алынды. Бұл аумақта жаңбыр суының жиі тұрып қалуы байқалады. Зерттеудің 3D сызбасы SketchUp бағдарламасының көмегімен жасалды.
Дренаж жүйесінің жұмысына назар аударсақ, ең алдымен жолдың көлбеулігі арқылы жаңбыр суы жолжиектегі саңылаулар арқылы өтеді. Саңылаудан өткен су байланыстырғыш құбыр арқылы арыққа құйылады. Арыққа жаңбыр суы байланыстырғыш құбырдан құйылып, әрі қарай горизонтальді резервуарға жиналады. Жел генераторы өндіретін энергия есебінен осы резервуардың ішінде жиналған жаңбыр суын сорғы көмегімен вертикальді резервуарға жеткізЕді. Вертикальді резервуардағы жаңбыр суын тамшылатып суару әдісімен қаланы көгалдандыруға қолдана аламыз. Қауіпсіздікті ойластыру мақсатында жаяу жүргіншілер жүретін жолда қозғалыс датчигін орналастыру, жолды екі жақтан жарықтандыру қарастырылған.
Зерттеу сұрақтарына жауап бере отыра, дренаж жүйесі мен қаладағы жол инфрақұрылымының ерекше моделі жасап шығарылды. Ол өзінің тиімділігі мен экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ оқушылар бұл жобаны кез келген қалада іске қосуға болатындығын айтып отыр.
СЕМЕЙ
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар