Қазақстан • 24 Мамыр, 2022

Биыл 93 елді мекен газбен қамтылады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы Қазақстан халқының 57 пайызы газбен қамтылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 93 елді мекен газбен қамтылады

«2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізді газдандыру деңгейі халықтың жалпы санының 57,67%-ын құрады немесе 11 млн адам газға қол жеткізді. Жалпы, елді газдандыру 2015-2030 жылдарға арналған бас жоспарға сәйкес жүзеге асып жатыр», деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысында.

Соңғы жылдары ішкі газ тұтынудың күрт өсуіне және елді одан әрі үздіксіз газдандыру үшін газ тасымалдау жүйесін жаңғырту қажеттілігіне байланысты министрлік «Қазақгазбен» бірлесіп «Газдандырудың бас схемасын» өзектендіріп жатыр.

Бас схеманы іске асыру бюджет қаражаты, «Қазақгаз» және ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүргізіліп жатыр.

«Биыл елді газдандыруды дамытуға министрліктің республикалық бюджеттен 45,8 млрл теңге бөлінді. Сондай-ақ 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қосымша 50,1 млрд теңге қолдау тапты. Нәтижесінде 133 жобаны іске асыруға 96 млрд теңге қарастырылып, бұл 146 мың адамды немесе 93 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған газдандыру деңгейі – 58,43%», деді Энергетика министрі.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше