Әлем • 25 Мамыр, 2022

Мектептегі атыстан 19 адам қаза тапты

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалд қаласында бастауыш мектепте атыс болып, 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «BBC News» сайтына сілтеме жасап.

Мектептегі атыстан 19 адам қаза тапты

Штат губернаторы Грег Эбботтың сөзінше, шабуылшы Сальвадор Ромас есімді 18 жасар жергілікті тұрғын. Тапанша мен AR-15 винтовкасын  қолданған қылмыскерге оқиға орнында тәртіп сақшылары оқ атты.

Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, 18 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапқан. Тағы 2 полиция қызметкері жараланып, ауруханаға жеткізілді. Қаскөйдің қылмыс жасау себебі анықталып жатыр.

АҚШ президенті Джо Байден қаза тапқандарды аза тұту белгісі ретінде Ақ үй мен басқа да қоғамдық ғимараттардың үстіндегі мемлекеттік туларды төмен түсіруді бұйырды.

Америкалық «Gun Violence Archive» ұйымның мәліметінше, мамыр айының өзінде осыған ұқсас 215 оқиға тіркелген.

Салтанат Кенжебай

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025