Қоғам • 25 Мамыр, 2022

Балаларды қорғаудың басым бағыттары

416 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев қалада Балалар жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары қалай жүзеге асып жатқаны туралы әңгімеледі. Елордада негізгі 7 бағыт бойынша Балалар жылын өткізу жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілген. Бұл –«Білімді бала», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «Bala qorgau», «Bala_time.kz» бағыттары.

Балаларды қорғаудың басым бағыттары

«Сапалы, тиімді ұйымдастыру үшін Балалар жылын өткізу бойын­ша қалалық жедел штаб құрыл­ды. Бү­гінде іс-шаралардың ішінде, 1 мың­­­­-
нан астам баланың қатысуымен өт­кен «Қазақконцерт» орталық концерт залында «Шаттық-2022» ХV қала­лық шығармашылық ашылу­лар бай­қауының Гала-концерті бол­ды. Бала­лардың құқықтарын қор­ғау бөлі­мі ашылды. Қалалық психо­ло­гия­лық сүйе­мелдеу қыз­меті, «KOKTAL JUNIOR HALL» спорт­тық-шығар­ма­шы­лық орталығы ашылды», деді Қ.Сенғазыев.

Оның қатарында техникалық және кәсіптік білім беру ұйым­дарына қа­был­дауға мемлекеттік білім беру тапсырысын 2 550 орынға дейін ұлғайту бар. Елордада балаларды қорғау күніне орай «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде 1 200-ден астам баланы қамтитын қа­дам­дық қолжетімділік қағидаты бойынша салынған Әл-Фараби атындағы оқушылар сара­йы­­ның филиалын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мерекеге орай Кенесары көшесі, 41 мекенжа­йын­да Балалар көр­кем­сурет мек-
те­­бі­нің жеке ғимараты ашылады.

Әл-Фараби атындағы Оқу­шылар сарайы базасында 400-ден аса баланы тегін қамти отырып, IT бағыттары бойынша SANA креативті білім беру орталығы жұмысын бастай­ды. Амфитеатрда «BALAPAN ӘЛЕМІ» республикалық фес­тивалі өтеді. (Qazaqstan және Balapan телеарналары мен қала әкімдігі бірлесіп өткізеді). Оған 1 мыңнан аса бала қатысады деп күтілуде. Сонымен қа­тар бұл күні Астаналық, Триатлон паркі, «Жетісу», «Жерұйық», «Қалам­гер­лер», Demalys Pro­menad сая­­бақ­тары, «Есіл» өзе­нінің жаға­лауы («Арбат»), қала мек­тепте­рінің тақы­рыптық аймақ­тары бар спорт алаң­дарында мере­­к­елік концерттік бағ­дар­лама­лар, спорт­тық жарыстар, конкурс­тар ұйымдас­тырылады. Соны­мен қатар бұл күні жазғы демалыс, «Жасыл ел» жастар еңбек жа­сағының жұмысы басталады.

«Биыл елорданың мектепке де­йін­гі ұйымдарында 22 мыңға жуық орын босайды. Топтарды жасақтау жұ­мыс­тары 15 маусымда басталады. www.Indigo24.kz электронды жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (мемле­кеттік, жекеменшік бақтар мен ша­ғын орталықтар) босаған орындар саны 21 978 орын, 2021 жылы – 20 мың орын, оның ішінде, 2021 жылы туғандарға – 162 орын, 2020 жылы туғандарға – 2 542 орын, 2019 жылы туғандарға 2 019 орын жарияланады. 8 134 орын, 2018 жылғыларға – 6 710 орын, 2017 жылғыларға – 4 430 орын», деді Қ.Сенғазыев.

Кезектен тыс өтетіндердің қа­та­рында әскери қызметшілер­дің бала­лары, арнаулы мемлекет­тік органдар қызметкерлері­нің ­балалары, мем­ле­кеттік фельдъе­герлік қыз­мет­керлерінің балалары бар. Заң­на­маға енгізілген өзгерістерге сәйкес Индиго жүйе­сінде мектепке де­йін­гі ұйым­ға кезекке қою кезінде же­ңіл­діктің жаңа түрі іске қосылды. Ол – мем­ле­кеттік фельдъегер­­лік қыз­мет­керлерінің балаларына арналған. Оның ішінде қызмет өт­­керу кезеңінде қаза тапқандар, қайтыс болғандар немесе хабар-ошарсыз кеткендер де бар.

«Ерекше білім беру қажетті­лік­тері бар балалар «INDIGO: элек­трондық балаб­ақша» элек­тронды жүйесінде арнайы мек­тепке дейінгі ұйымдарға, сон­дай-ақ балабақшалардағы түзету және инклюзивті топтарға жолдама алады. Биыл сыбайлас жем­қорлық тәуекелдерін болдырмау және ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін жүйе­де ата-ана мен мектепке дейінгі ұйым арасында «Элек­тронды шарт жаса­суға» жаңа мо­дуль енгізілді. Бұл то­лық­тай қашықтық процедура, ата-ана өзіне ыңғайлы кез келген уақытта келісімшарт жасай алады. Шартқа қол қою сіздің ЭЦҚ кілтіңіздің көмегімен жүзеге асырылады», деді білім басқармасының басшысы.

Биыл 30 мамы­рдан бастап бар­лық мемлекеттік бала­бақшалар базасында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-ана­ларға кеңес беру пунктері ұйым­дас­тырыла­ды, олар­ға қажет бол­ған жағдайда ақпарат алу үшін жүгінуге болады. 2022-2023 оқу жы­лына арналған топтарды жа­сақ­­тауды өткізу кестесі және жолдама алу инфографикасы білім басқармасының интернет-ресурсында электронды жүйе сай­тында орналастырылады.

Сонымен қатар елорданың білім беру мекемелерінде оқу­шы­лар үшін жазғы демалыс ұйым­дастырылады. Осы мақсатта қала мектептерінің 1-10-сынып оқушыларының жалпы саны­ның 94%-ын қамту жоспарланып отыр. Қала сыртындағы 2 лагерь (1 440 бала), 2 шатырлы лагерь (960 бала), 2 бейінді лагерь (700 бала), 3 маусым жұмыс істейтін Оқушылар сарайы жанындағы жазғы лагерь дайын. 92 мектепте 81 600 баланы қамти отырып, бастауыш сынып балаларына арналған мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылған.

«Жыл сайын балалар Білім және ғылым министрлігі квоталарына сәйкес «Балдәурен – Щу­чинск», «Бал­дәурен – Қапшағай», «Балдәурен – Балқаш» (5-9-сы­нып­­тар), «Бөбек» (1-4-сынып) республикалық сауықтыру ла­герь­­ле­ріне барады. 1-10-сынып оқушылары­ның жалпы санынан (185 710 оқушы) 51 847 баланы (28%) қамтитын 4 бағыт бойынша жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Балалар бірнеше бағыт бойынша жұмыспен қамтылады, еңбек «Жасыл ел» көгалдандыру бригадасы, экологиялық лагерьлер (2 860 бала), шығармашы­лық бағытта түрлі мекемелердегі қызы­ғушылық­тар бойынша клубтар мен үйірмелер, 28 аула клубы (35 216 бала), спорттық-туристік «Дидарлы жаз», «Айбынды маусым» ла­герь­лерінің жалпы білім беретін мектептерінің залдарында және спорт алаңдарында, турис­тік сапар­ларына, экспедиция­лар­­ға (архео­­логиялық, экология­лық, өлке­тану) қатысу. Бұл ретте 1 755 бала тегін қамтылады, зият­­­­кер­лік бағытта «Жас Ұлан», «Жас қыран» мүшелерінің көш­бас­­­­­шы­лар активінің жазғы мек­теп­тері, жазғы тілдік мектептер, ­де­бат лагерьлері жұ­мыс істейді (12 016 бала)», деді Қ.Сенғазыев.

Сонымен қатар басқарма бас­­шысы елордада соңғы қоңы­рау­дың қалай өтетіні туралы да айтып берді.

«Биыл түлектер мектеппен және педагогтермен әдеттегі фор­­матта қош­­тасады. Алайда іс-шаралардың бәрі мектеп қа­бырғасында салтанат­­ты түрде өткізілуі керек. Мектептер­дің қам­­қор­шылық кеңестері мектеп ә­кім­шілігімен бірлесіп, осы іс-шара­ларға жұмсалатын үлкен шығындар­дың орынсыздығы туралы түлек­тер­дің ата-аналарына түсіндіру жұмы­сын өткізуі қажет. Сондықтан бұл ақпа­ратты тағы да мектеп түлектеріне және ата-аналар қауымдастығына жеткі­зуді сұраймыз. Мұны орындау оқу орны­ның басшысына жүктеледі. Барлық мектептегі соңғы қоңы­рау 25 мамырда дәстүрлі форматта салтанатты түрде қонақ­тардың, ата-аналардың қаты­суымен өтеді», деді ол.

«Алтын белгі» иегерлерін сал­та­натты түрде табыстау елорда саябағы­ның амфитеатрында 17 маусым күнге жоспарланып отыр. Бұл іс-шаралар­ға мектептің педагогикалық ұжы­мы, түлектер, олардың ата-ана­лары, педа­го­гикалық еңбек ардагерлері, қам­қор­шылық кеңес мүшелері, пат­ро­наттық ұйымдар, мүдделі мем­лекеттік органдар және бас­қа­лар қатысады. Бұл ретте біті­ру жұмысын білім беру ұйы­мының өзі жүргізуі тиіс.

«Іс-шараларды өткізуге ани­маторларды, мереке­лік агент­тік­терді, әртіс­тер­ді, сал­­­­танаттар­ды өткізу үшін жеке студия­лар­ды тар­ту, мерекелік үстел­­дер ұйым­­дастыру, авто­мо­бильдерді жалға алып, қала (аудан) бо­йынша көш­пелі экскурсиялар өт­кізу, мектеп әкім­шілігі мен педа­гог­терге сыйлық алу үшін қара­жат жи­нау, ойын-са­уық меке­­ме­ле­рінде біті­ру іс-шара­ла­рын ұйым­дас­тыруға жол бе­­­ріл­мейді», деді Қ.Сен­ғазыев.