Азаматтық қоғамның өркендеуі, ықпалды болуы – елімізді уақыт талабына сай ілгері жылжытуда негізгі алғышарттардың бірі.

Азаматтық қоғам – тәуелсіз қызмет ететін, үкіметке түрлі бағыттар бойынша ықпал етуге қабілетті құрылымдар жиынтығы, жеке тұлғалар мен әлеуметтік бірлестіктер қоғамдастығы. Атқарушы орындар ескере бермейтін немесе хабарсыз жағдаяттар азаматтық қоғам арқылы күн тәртібіне қойылса, қай мәселенің де мән-маңызы анық көрінеді. Азаматтық қоғамның бүгінгі заманауи айшықты формасы АҚШ, Ұлыбритания, Батыс Еуропа елдерінде жарқын көрініс беруде. Олардағы азаматтық қоғам саласындағы кейбір құрылымдар тіпті ел аумағынан шығып, әлемдік ауқымдағы мәселелерге дейін араласуда. Осы елдерде атқарушы билік пен азаматтық қоғам арасында тиімді үнқатысу қалыптасқаны, сол арқылы көптеген ортақ міндеттері еңсеріліп отырғаны кісі қызықтырады.
«Мемлекеттің қос қанаты деп нені айтасың?», деген сауал қойылар болса, мен ойланбастан «атқарушы билік пен азаматтық қоғам» деп жауап берер едім. Бұлар бірлесе іс-қимыл жасамай ілгерілеу болмайды. Алайда аталған екі тарапқа да теңдей мүмкіндік берілуі керек. Онсыз, бұлар мемлекеттің қос қанаты бола алмайды. Өйткені дамыған елдер оларға теңдей мүмкіндік беру арқылы өркендеп отыр. Азаматтық қоғамның негізгі күші – саяси партиялар, қозғалыстар, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары және басқалар. Бұлардың жағдайы біздің қоғамда сын көтермейді. Қайсысы болсын саяси жүйеге жалтақтаулы. Десек те, оларға тізгіндерін өздері еркін ұстауларына мүмкіндік беретін кез әлдеқашан келді.
Еліміздегі ҮЕҰ-лардың қаржы көздері – халықаралық ұйымдар мен елшіліктер, Үкімет, ірі компаниялар және өз бизнесін ашқан ҮЕҰ-лар. Бұл жерде үкіметтік емес ұйымдарға ұсынылатын қаржының басым бөлігі Үкімет пен шетелдік елшіліктерге тиесілі. Міне, осыдан келіп ҮЕҰ-лардың қоғамдағы рөлі күшеймей отырғанының себептері айқындала түседі. Елімізде ірі компаниялар, бизнес-қауымдастық ҮЕҰ-лардың əлеуметтiк мәні зор бастамаларын қаржылық қолдауы төмен. Компаниялар, бизнес саласы бір реттік көмектен аса алмауда. Ал маңызды жобалар мемлекеттік тапсырыстар мен конкурстар арқылы берілген қаржыға жүзеге асырылуда. Яғни үкіметтік емес ұйым мемлекеттің гранттарына, дәлірегі тендерге телміруге мәжбүр. Бұл жағдай тапсырыс берушілер емеурінімен уақытша құрылатын ҮЕҰ-лардың пайда болуына әкеледі де, қоғам өміріне белсене араласқысы келетін құрылымдардың жолы кесіледі. Ал тапсырысты ретін тауып жеңіп алған ұйымдар өзіне алған міндетін орындайды да тарқап кетеді. Ал негізінде үкіметтік емес ұйымдардың жылдам тарап кетпей қоғамда тұрақты түрде жұмысын жалғастыруы маңызды. Өйткені ол ұзақ жылдар үзіліссіз жұмыс істесе тәжірибе жинақтап, тегеурінді құрылымға айналады. Жалпы, ҮЕҰ-лар үкіметтің қаржысынан гөрі бизнестің қолдауына көбірек ие болғанда ғана қанатын кеңге жаяды. Сонда ҮЕҰ-лар мемлекетке жалтақтаудан арылып, өз беделімен қоса қоғамдағы өткір мәселелерді де батыл көтерер еді. Ал олай болмаса ҮЕҰ-лар мемлекеттік тапсырысты ұсынатын, тендерін жариялайтын тиісті мекемелердің қолындағы ойыншық болып қала береді. Сондықтан ҮЕҰ-ларды үкіметке тәуелді етпеудің нақты тетіктерін қарастыру аса қажет. Дамыған елдерде үкіметтің өзі ҮЕҰ-ларға кіріптар. Өздері ҮЕҰ-лардан көмек сұрап, қаржысын ұсынып жатады. Өйткені әбден қалыптасқан, тәжірибесі мол, мүшелері көп ұйымдарға үкіметтің өзі жүгінетіндей, тірлігін атқарту үшін жалынатындай ахуал қалыптастырылған.
Біздегі тағы бір мәселе – еліміздегі ҮЕҰ-лардың көпшілігінің мүшелері өте аз. Мүшесі аз ұйымдардың ықпалы да, беделі де бола қоймайды. АҚШ-та 6-7 мың, тіпті 10 мыңнан астам мүшесі бар ҮЕҰ-лар бар. Оларда денсаулық сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, мүгедектерге және басқа да белгілі бір салаларға арналған ҮЕҰ-ға кез келген адам мүше бола береді. Ал бізде қоршаған ортаны қорғау ұйымына тек экологтер, мүгедектер ұйымына тек науқастар мен жарымжандар, денсаулық сақтау ұйымдарына тек дәрігерлер, мейірбикелер, ауыл шаруашылығына қатысты ұйымдарға фермерлер ғана мүше болып жатады. Әрине, бұл азаматтық қоғамға деген көзқарасымыздың жоқтығын білдіреді.
Бір жағдай анық – мемлекеттің негізгі міндеттерді өзі ғана еңсеруге әлеуеті жетпейді. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ұлғайту қажет әрі оны атқаруға үкіметтік емес ұйымдарды тартуда ашықтық пен тазалықты қамтамасыз ету жағын қолға алған жөн. Қорыта айтқанда, үкіметтің алақанына телмірген, салықтың қаржысымен күнелтетін ҮЕҰ-лардан қайран жоқ. Олардың орнын тиімді, ықпалды ҮЕҰ-лар басуы тиіс. Сонда ғана азаматтық қоғам мемлекеттің сенімді қанатына айналады.
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Қазақстан • Бүгін, 19:02
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 18:40
ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды
Қазақстан • Бүгін, 18:22
«Кселл» және «Мобайл Телеком-Сервиске» қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 18:01
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Бүгін, 17:48
Қазақстан міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге мораторийден бас тартты
Үкімет • Бүгін, 17:32
Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді
Өнер • Бүгін, 17:20
Биыл елімізде 9 жаңа ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Елордадан бірқатар қалаға қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 16:55
Қазақстан тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алады
Қоғам • Бүгін, 16:48
Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:01
Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты
Қаржы • Бүгін, 15:31
Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
Ел экономикасына үлес қосатын инвестор көбейді
Экономика • Бүгін, 15:11
«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:57
Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 14:49
Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 14:38
Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:28
Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 14:20
Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:08
ИИДМ-де комитет төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:28
Оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылды
Білім • Бүгін, 12:50
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
ANTIKOR • Бүгін, 12:42
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын күшейтуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:30
Ақтауда мұнай-газ жабдықтарын өндіретін зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Қошанов: Парламенттің екінші сессиясы маңызды шешімдерге толы болды
Парламент • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау рәсімі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 11:58
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 11:38
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Коронавирус • Бүгін, 11:25
Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Парламент депутаттары каникулға кетті
Парламент • Бүгін, 10:56
Жайық өзеніне бекіре тұқымдас 3,5 млн балық шабағы жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:23
Ұқсас жаңалықтар