Референдум-2022 • 26 Мамыр, 2022

Шаруалар референдумға қатысуға ниетті

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті шаруалар, зиялы қауым өкілдері, бастауыш партия ұйымдары төрағалары және партия активімен бірқатар кездесу өткізді.

Шаруалар референдумға қатысуға ниетті

М.Жұмабаев атын­дағы аудан­ның Полу­динс­кое ауы­лын­дағы тауарлы сүт фер­ма­­сының алаңында облыс­та­ғы ауыл шаруа­шы­лығы тауар өндіру­ші­лерімен кездескен А.Оралов жинал­ған қауым­мен алдағы консти­ту­ция­лық рефор­ма­ның маңызын тал­қы­ла­ды.

«Ата Заңымызда жер халық­тың меншігі деп көрсе­ті­ле­ді. Бұл – өте маңызды қадам. Солтүстік Қазақстан облысында халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан 5 маусым күні өтетін референдумға облыс тұр­ғын­дары белсене қатысады деген ойдамыз», деді партияның атқарушы хатшысы.

Жиында сөз алған жергілікті шаруа қожа­лықтарының бірінің бас­­шысы А.Сапаров тұр­­ғын­­дар ел дамуын­дағы жаңа ке­зеңді референдуммен бай­­ланыс­тыратынын атап өтті. «Ха­лық бо­лып жатқан өзгеріс­тер­ді көріп отыр және елімізді дамыту үшін Конс­титу­цияға өзге­ріс­тер ен­гізуді қолдауға дайын», деді шаруа иесі.

Өңірге жұмыс сапары барысында атқарушы хатшы зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен жүздесті. Кез­де­суге қатысушылар Ата Заңға түзетулер енгізуге қатысты жал­пыхалықтық дауыс беру Жаңа Қазақстанды құруда негізгі рөл ат­қаратынын атап өтті.

Сонымен қатар, А.Оралов бастауыш партия ұйым­да­ры­ның төрағаларымен де кез­­десіп, жиын­да партияның қоз­ғау­шы күші рефе­рен­дум­ның мәні тура­лы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.