Қазақстан азаматтары түзетулерге дауыс берсе, еліміздің бас заңы қандай болмақ.

Референдум - мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу деген мағынаны беретін ұғым. Алғаш рет бұл сөз 1802 жылы Швейцарияда қолданылды. Содан бері ол елде 521 рет өткізіліпті. Ал тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум сонау 1995 жылы өткізіліп, бірауыздан Ата Заң қабылданды. Содан бері екі мәрте өзгеріске ұшырады.
Араға 27 жыл салып, 5 маусым күні Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық төртінші референдум өтеді. Әлемдік практикаға жүгінетін болсақ, халықтың еркін түрде жасалған әділетті таңдауының арқасында ең озық дамыған мемлекеттер қазіргі дәрежеге жетіп отыр. Жалпыхалықтық талқылауға салынып, еліміздің Конституциясына да заман талабына сай өзгертулер енгізілуі тиіс. Сонда ғана біздің қоғамда ілгері даму болады.
Өлім жазасына түпкілікті тыйым салу
Конституцияның қолданыстағы редакциясында мемлекетке опасыздық жасаған, террористік қылмыстарға бел буған азаматтар өлім жазасына кесіледі делінген.
2021 жылдың соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасын толығымен алып тастау туралы заңға қол қойды. Ол бірқатар құқық қорғаушылардың пікірімен келісіп, заңның күшін мүдірместен жою керектігін хабарлады.
Алайда, конституцияның жаңа редакциясында 15-баптың 2-тармағы келесідей болмақ: «Адамды өз еркімен өмірінен айыруға ешкімнің құқығы жоқ, өлім жазасына тыйым салынады».
Кім ендігі партиялық емес?
Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Қазақстан Президенті өкілеттігі кезінде ешбір саяси партияның мүшесі болмауы керек екенін бірнеше рет атап көрсетті. Ал 26 сәуірде мемлекет басшысы өзі басқарған «Аманат» (бір кездегі «Нұр Отан») партиясынан шықты. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов партияның жаңа төрағасы атанды.
Конституцияның жаңа редакциясында республика президенті саяси партияның мүшесі болмауы тиіс деп жазылған.
Бұл мүмкіндік те жоққа шығарылады:
- Конституциялық Соттың төрағалары мен судьялары;
- Жоғарғы Соттың және басқа соттардың судьялары;
- Орталық сайлау комиссиясының төрағалары мен мүшелері;
- Жоғарғы есеп палатасының төрағалары мен мүшелері;
- Әскери қызметкерлер;
- Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері;
- Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Бірінші президент енді президент бола алмай ма?
Конституцияның 42-бабында ерекше пункт бар. Бір адам екі реттен артық Қазақстан президенті болып сайлана алмайтыны айтылған. Бірақ бұл шектеу қазір республиканың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты емес.
Алайда, жаңа Конституцияда бұл тармақ өзгертіледі. Сөйтіп, Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлауға қайта түскісі келсе, екі мерзімнен артық билік жүргізу құқығынан айырылады.
Сонымен қатар, бапта «бұрынғы президенттер» атауы «экс-президенттер» деп ауыстырылады.
Президенттің туыстары мемлекеттік қызмет атқара алмайды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жаңа Конституцияға «Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ» деген тармақ қосу ұсынылды.
Ендігі Елбасы мәртебесі Конституциямен белгіленбей ме?
Конституцияның 46-бабынан «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады» деген тармақты алып тастау жоспарланды.
Тұңғыш президент мәртебесі тұрақты деп көрсетілген 91-баптағы ақпарат жойылады.
Билік иесі-халық?
Артық түсіндірмелерден гөрі, қалай болғанын және ендігі қалай түрленетінін салыстырмалы түрде көрсетсек жөн.
Конституцияның 6-бабының 3-тармағының қолданыстағы редакциясында:
«Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде».
Жаңа редакцияда:
«Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деп өзгертіледі.
Президент кейбір өкілеттіктерін жоғалтады
Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында суперпрезиденттік басқарудан президенттік басқару түріне көшу қажеттілігі, ал парламентке көбірек өкілеттіктер берілуін атап көрсетті.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті бұдан былай облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімдерінің шешімдеріне араласуға құқығы жоқ. Тіпті, бұл тармақты Конституциядан түбегейлі алып тастау жоспарланып отыр.
Қазір Қазақстан Президенті Сенатқа 15 депутатты тағайындайды. Конституцияның жаңа редакциясында президент тек Сенаттың 10 депутатын белгілейді. Оның бесеуі – Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ұсынысы бойынша тағайындалады. Бұл белгілі-бір дәрежеде мемлекет басшысының парламентке ықпал ету әсерін төмендетеді.
Сонымен қатар, президент облыс, қала және астана әкімдігіне кандидаттарды осы облыстар мен қалалар мәслихаттарының депутаттарымен келісіп сайлайды. Мемлекет басшысы екі кандидаттан артық ұсына алмайды. Көпшілік кімге дауыс береді, сол әкім болып сайланады.
Президенттің жаңа өкілеттіктері
Заң бойынша Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық банктің төрағаларын және Бас прокурорды тағайындайды. Енді ол Жоғарғы Сот Кеңесі мен Конституциялық соттың төрағаларын да белгілейді.
Әрине, ол үшін сенат келісімі де қажет болады.
Сенат ендігі заң қабылдамайды
Сенаттың заң қабылдамай, тек мәжіліс бекіткен заң жобаларын мақұлдауын немесе кері жібереуін жүзеге асыру да Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы.
Қазір Конституцияда заңнамалық актілер депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Жаңа редакциясында заңдарды Мәжіліс қабылдайды, ал Сенат бекітетін болады.
Аружан Амангельды
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар