Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қабылдап, халықтың табысын арттыруға арналған 2025 жылға дейінгі жоспар аясында атқарылатын жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.
«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталады. Осы сапар аясында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде. Біздің бүгін қараған заңымыз да бауырлас екі елдің өзара қарым-қатынасын, соның ішінде әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған. Сондай-ақ бұл Келісім Орталық Азияда тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
Бұл құжат Қазақстандық кәсіпорындардың Арменияға мұнай, электр энергиясы, табиғи газ және көмірден басқа тауарлар жеткізу үшін қажетті жағдай жасауды, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ЕАЭО елдеріне келетін бақыланбайтын ағындарынан нарықты қорғауды мақсат тұтады.
Одан бөлек, Палата отырысында депутаттар «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» Кешенді жоспарын іске асыру шаралары жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың ақпаратын тыңдады.
Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы қолға алған елді жаңғырту бағдарының басты мақсаты әр қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту екенін айтты.
«Халықтың табысын арттыру – стратегиялық міндет. Мемлекетке деген сенім мен барлық жаңғыру реформаларының табысты болуы да осы міндетке тікелей байланысты. Азаматтар жағдайының жақсарғанын нақты сезінуі керек. Ендігі жерде «бөлінген қаражатты игерсек болды» деген бұрынғы тәсілдермен жұмыс бітпейді. Сондықтан жобалық тәсіл қағидатын енгізу құптарлық дүние. Оның ішінде жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін нақты басшылардың жеке жауапкершілігін қарастырған жөн. Бағдарламалардың іске асырылуын бақылау тетіктерін де жетілдіру керек», деді Сенат Төрағасы.
Сондай-ақ Палата Спикері аталған бағдарламаны іске асыруға көптеген мемлекеттік органның қатысатынына назар аударып, олардың жұмысын тиімді үйлестіру айрықша мәнге ие екенін тілге тиек етті.
«Жалпы бағдарлама аясында қолға алынатын шаралар 3,8 миллион адамды қамтиды. Бұл еліміздегі жұмыс істейтін азаматтардың жартысына жуығы деген сөз. Осы ретте бағаның негізсіз өспеуі аса маңызды. Сонда ғана халық жағдайының жақсарғанын шын сезіне алады. Сондықтан Табысты арттыру бағдарламасының тағы бір міндеті инфляцияны ауыздықтау екенін естен шығармау қажет», деді Мәулен Әшімбаев.
Талқылау соңында Парламент Сенаты халықтың табысын арттыру жолында Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеуге және заңнамалық тұрғыдан қажетті қолдау көрсетуге дайын екені айтылды.
Аяна Тоғанбек
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар