Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін жалпы өнімнің 45 пайызы мал шаруашылығына тиесілі. Сол себепті оған ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау үшін биыл фермерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары да қомақты болмақ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, осы жылы мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 124,6 млрд теңге бағытталады. Бұл салада субсидиялаудың 30-ға жуық бағыты көзделіп отыр. Былтыр асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға өңірлер 108,1 млрд теңге жұмсады. Республикалық бюджеттен қосымша 13,6 млрд теңге бөлінді. Осылайша, мал шаруашылығын дамытуға 121,7 млрд теңге бағытталды. 35 мың агроөнеркәсіп субъектісі оның игілігін көрді. Субъектілердің 70 пайыздан астамы шағын және орта шаруашылықтар.
Бұл ретте субсидиялардың жалпы көлемінен 59,1 млрд теңге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Оның ішінде тауарлы және асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 17,2 млрд теңге, отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға – 15,9 млрд теңге, шетелдік асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға 8,8 млрд теңге жұмсалды. Сондай-ақ бұқашықтарды күтіп-бағуға – 1,8 млрд теңге, қойдың тауарлық және асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 10,7 млрд теңге, асыл тұқымды қой сатып алуға – 2,3 млрд теңге, асыл тұқымды жылқылар мен түйелерді сатып алуға 61,7 млн теңге бөлінген. Ірі қара мал мен қойды қолдан ұрықтандыру қызметтері үшін 430,9 млн теңге, шошқалардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 1,6 млрд теңге, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге 263 млн теңге жұмсалған.
«Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға 62,6 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде сүт өндірісіне – 18,9 млрд теңге, құс етін өндіруге – 17 млрд теңге, бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына сатылған бұқашықтарға – 4,9 млрд теңге, жұмыртқа өндірісіне – 3,9 млрд теңге, қымыз және шұбат өндірісіне – 534,3 млн теңге, бордақылау алаңдарына және ет комбинаттарына сатылған қошқарларға 227,7 млн теңге бөлінді. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басына азық құнын арзандату үшін 17,6 млрд теңге жұмсалды», деп хабарлады ведомство.
Биыл облыс әкімдіктері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 100,1 млрд теңге бөлді. Сонымен қатар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мал шаруашылығын субсидиялауға 24,5 млрд теңге сомасында қосымша қаражат бөлу туралы тапсырыс мақұлданды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялардың жалпы көлемінен 68,2 млрд теңге бағытталды. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға 56,4 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдау шараларымен 35 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қамтылады.
Айта кету керек, былтыр жазда ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау мақсатында жемшөп сатып алу құнын арзандатуға Үкімет резервінен Маңғыстау облысына 1,2 млрд теңге, Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлінген болатын. Қосымша Маңғыстау облысына Үкімет резервінен 663,8 млн теңге қарастырылды.
Мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде былтыр 2020 жылмен салыстырғанда агроқұрылымдарда ірі қара малдың саны 8,1 пайызға артып, 3 904,2 мың басты құрады, қой 8,3 пайызға көбейіп, 9 187,1 мың басқа жетті, жылқы 14,9 пайызға өсіп, 1 949,7 мың басты құрады. Түйе 8,8 пайызға (121,6 мың басқа), шошқа 4,2 пайызға (341,1 мың басқа), құстар 13,7 пайызға (35,8 млн басқа) көбейген.
Министрліктің мәліметінше, союға арналған салмақтағы ет өндірісі 9,4 пайызға артып, 618,7 мың тоннаны, сүт өндірісі 6,3 пайызға өсіп, 1 799,8 мың тоннаны құраған. Бұл ретте тағамдық жұмыртқа өндірісі 6,2 пайызға төмендеп, 3 562,5 млн дананы құрағанын атап өткен жөн.
Шетелдік селекцияның асыл тұқымды ірі қара мал басын әкелу есебінен бүгінде асыл тұқымды мал басының үлесі едәуір артып, жалпы ірі қара мал басының 13 пайызына тең болды.
Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары есебінен 53 инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде 35 тауарлы-сүт фермасы және 7 құс фабрикасы бар. Осы жылы 62 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Жалпы, биыл агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың жалпы көлемі 449 млрд теңгені құрап отыр. Бұл 2021 жылғы деңгейден 20 пайызға артық. Қаражат мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын субсидиялауға, инвестициялық субсидиялауға және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар