Оқиға • 27 Мамыр, 2022

СҚО-да бір адам суға батып кетті

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы жағдай Есіл өзенінің Пакровка ауылы маңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да бір адам суға батып кетті

«Кешеден бері суға батып кеткен адамды іздестіру шаралары жүріп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша ол қайықтан құлап, батып кеткен. Оның нақты себебі анықталып жатыр», деді ТЖД басқармасының аға офицері Кирилл Иванников. 

Айта кетсек, бұл шомылу маусымы басталмай жатып болған алғашқы оқиға.