Аймақтар • 27 Мамыр, 2022

232 маңғыстаулық көлік жүргізуші куәлігінен айырылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 232 адам көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы аймақ басшысының төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

232 маңғыстаулық көлік жүргізуші куәлігінен айырылды

Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаевтың баяндауынша, осы жылдың 4 айында 42 900 құқық бұзушылық анықталып, 300 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Соның ішінде жол ережесін бұзған жүргізушілердің айыппұлы - 218 млн теңге.

Сонымен қатар 232 адам көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынған.

Комиссия отырысында «Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік тәсілдерін енгізу» жобасын іске асыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардың инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды.

Облыста қазір жол ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде есепке алатын 19 техникалық құрал орнатылған. Ақтау қаласында – 16, Жаңаөзен қаласында – 3 құрал жұмыс істеп тұр.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев елді мекендер арасындағы жолдарға интеллектуалды бейнебақылау жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды.