Саясат • 30 Мамыр, 2022

Ауғанстан мәселелері: Осы елдегі жағдайды жақсартудың бағыттары баяндалды

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ауғанстан мәселелері жөніндегі өңірлік қауіпсіздік диалогының IV отырысына қатысты. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Ауғанстан мәселелері: Осы елдегі жағдайды жақсартудың бағыттары баяндалды

Душанбе қаласында Ауған­стан мәселелері бойын­ша өңірлік қауіпсіздік диа­ло­гының IV отырысы өтті. Атал­ған жиынға Қытай, Ресей Федерациясы, Үндістан, Пәкіс­тан, Иран, Өзбекстан, Тәжік­стан, Қырғызстан және Түрік­менстан елдерінің қауіпсіз­дік кеңесінің хатшылары мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қатысты.

Қазақстан делегациясын Пре­зидент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұр­дәу­летов бастап барды. Ол өз сөзінде бү­кіл өңірдің мүддесі үшін елдегі жағ­дай­ды өзгертудің кілті санала­­тын бағыттарды, соның ішінде ха­лық­аралық терроризм мен экстре­мизм қатерлерінің экспортына жол бер­меу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қи­мыл, азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз ету және гуманитарлық дағ­да­рысты еңсеру жөнінде баяндап берді.

Бүкіл өңірдегі көлік қаты­нас­­тарын жандандыру қажет­­­тігі және Ауғанстанды әлеу­мет­­тік-экономикалық тұр­ғы­дан қалпына келтіру мақ­сатында білім беру жүйесін дамыту мәселесі эко­но­микалық қауіпсіздіктің негізгі факторы ретінде атап өтілді.

Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра береді, азық-түлік, дәрі-дәрмек, ең алдымен, қажетті басқа да тауарлар жеткізуді жүзеге асырады, сондай-ақ ауған сту­денттерін оқытуға мүмкін­діктер беріледі.

Сонымен қатар жиында Ауған­­стан мәселесінің барлық спек­трі бойынша үйлестірілген күш-жігердің маңыздылығы айтылды.

Отырыс қорытындысы бо­йынша қорытынды мәлімдеме қабыл­дан­ды. Онда халықаралық терро­рис­тік ұйымдардың Ауған­стан аума­ғын аймақтағы елдерге қар­­сы кез келген терро­рис­тік актілер­ді жасыру, оқыту, жос­парлау неме­се қар­жыландыру үшін пайдаланылуға жол беріл­мейтіні атап өтілді.

Диалогқа қатысушылар шекара маңы мемлекеттері мен басқа да мүдделі елдер арасында деструктивті топтардың қыз­метіне байланысты ахуал туралы жедел ақпарат алмасу жөніндегі ынтымақтастықты жолға қоюға ниетті екенін растады.

Бұдан бөлек мемлекеттердің ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге деген ұмтылысы атап өтілді.

Іс-шара барысында Ғизат Нұрдәулетов Ресей Феде­ра­циясы Қауіпсіздік Кеңесі­нің Хатшысы Николай Патру­шевпен, Тәжікстан Респуб­ликасы Қауіпсіздік Кеңесі­нің Хатшысы Насрулла Мах­му­д­­­зодамен және Қырғыз Респуб­ликасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Марат Иманқұловпен екіжақты кездесулер өткізді.

Жиынға қатысушылар өңірлік және жаһандық қауіп­сіздіктің негізгі мәселелері мен осы бағыт­та­ғы ынтымақ­тас­тықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.