Аталған офис консультативтік-кеңесші орган ретінде қала тұрғындарының игілігі үшін жүзеге асыратын жобаларда кәсіпкерлік пен білім беруді дамытуды қолдау саясатын жүзеге асыруда.
Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев осы бағыттағы қол жеткен нәтижелерге тоқталып, маңызды бастамалар ретінде NBK Data Factory жобасын атап өтті. Бұл жоба экономикалық талдауда аса маңызды әрі визуализация, навигация арқылы гибридті қоймада сақталатын деректерді статистикалық талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жер қатынастары басқармасының функцияларын автоматтандыруға арналған геоақпараттық жүйелер мен деректер базасын дамыту, жерді тиімді пайдалануға және жаңа бизнес-бастамаларды іске асыруға арналған құралдар кешені сияқты бағыттарға көңіл бөле отырып, қаланы дамыту бағыттарын қамтиды. Цифрландыру офисінің базасында былтырдан бастап бірыңғай коммуникациялық кеңістікте барлық жоғары оқу орындарын, IT-таланттар, IT-компанияларды біріктіретін платформа жұмыс істеп келеді.
Баян Қоңырбаевтың айтуынша, биылғы сәуір айында аталған платформада 2 150 IT-талант, 23 IT-компания, бизнес саласынан 23 бос жұмыс орны, 53 білім беру курсы тіркелген. Цифрландыру кеңсесі қаланы дамыту жұмыстарына студенттерді тарту бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарымен ауқымды ықпалдастықты дамытуға күш салуда. Биыл Қазақстан-Британ техникалық университетінде Цифрландыру басқармасымен және IGLUS халықаралық швейцариялық ұйыммен бірлесіп, Smart city lab зертханасы ашылды. Зертхананың мақсаты – қалалық жүйелердің тиімділігін өлшеу, инфрақұрылымды дамыту және Smart City және Smart Systems магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау. Осы орайда ҚБТУ базасында Цифрландыру басқармасының бөлімшесін ашу жоспарлануда. Бұл IT саладағы магистранттар және докторанттармен бірлескен жобалар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Офис жұмысы аясында AlmaU урбанистика орталығының студенттері мен Алматы қаласының цифрландыру басқармасы Frontier.kz компаниясымен бірлесіп, жаяу жүргіншілер кедергілерін, аудандардың коммерциялық сыйымдылығын, қоғамдық көліктің қолжетімділігін анықтап, аудандардағы құрылыс барысына талдау жасады. Ал IT кеңес пен Азия даму банкі бірлесіп, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен ықпалдастық мәселесіне көңіл бөліп отыр.
Президенттің 100 мың білікті IT-мамандарын даярлау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға байланысты қала әкімдігі мен Цифрландыру басқармасын мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Business analysis магистратурасының модификациясына да мән берілуде. Осы орайда digital urban planner, digital officer және қолданбалы тапсырмаларды шешетін әмбебап аналитик, Open Almaty дамыту тұжырымдамасын жетілдіру, өтініштерді жедел өңдеу мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешенді автоматтандыру салалары да басым бағыттар ретінде қарастырылуда.
АЛМАТЫ