Референдум • 30 Мамыр, 2022

Мемлекеттік моделді трансформациялау

180 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында «Конституциялық реформа: саяси транс­фор­­мацияның қазақстандық жолы» атты Sarap эксперт­тік клубының аймақтық отырысы өтті.

Мемлекеттік моделді трансформациялау

Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы­ның қолдауымен өткен іс-ша­ра­ны Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігінің «Қазақ­стан­дық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.

Жиынға қатысушылары ал­да­­ғы референдумның елді да­мыту мен қоғамды демо­кра­­­тияландырудағы маңызын, сон­дай-ақ Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық ре­фор­маның рөлін талқылады. Сарапшылар мемлекеттің басты құжатына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың еліміздің саяси жүйесіне қалай әсер ете­ті­ні туралы пікір алмасты.

Жиынға Ақтау қаласы әкімі­нің орынбасары Әбілқайыр Байпақов, облыстық және қала­лық мәслихат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, сондай-ақ Қа­зақ­станның қоғамдық даму инс­ти­тутының сарапшылары қа­тыс­ты.

Іс-шараға модераторлық жа­са­ған «Қазақстандық қоғам­дық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Самат Нұртаза алдағы референдум мемлекеттің саяси жүйесін демократияландыру мен либерализациялау жүріп жатқанын көр­­сететінін атап өтті. «Бұл мем­лекетті өзгерту мүмкіндігі. Мем­лекет басшысы халықпен ақыл­дасып, жауапкершілікті бө­лісіп және халықтың кері бай­ла­нысқа шығуын қалайды. Бізге либерализмді, демократияны және ең бастысы әділеттілікті таңдау ұсынылады», деді ол.

Отырыста сөз алған Ақтау қал­­а­сы әкімінің орынбасары Əбіл­қайыр Байпақов: «Конс­ти­­­туциялық реформа бүкіл мем­­­ле­кеттік модельді кешенді түрде трансформациялауға ба­­­ғыт­­талған. Біз еліміздің бола­ша­ғына немқұрайды қара­ма­уы­мыз керек. Қазақстанның бо­ла­шағы біздің қолымызда, біз қабылдайтын шешімдерден құ­ра­лады», деді.

Маңғыстау облыстық мәсли­ха­­тының депутаты Аббат Өріс­баев Президенттің бастамасын қолдауға шақырып, бұл өзге­ріс­тер халық өтінішіне де­ген жауап екенін атап өтті. «Ха­лық конституцияға енгізіліп отыр­ған өзгерістерді қолдап жат­қан­ды­ғын байқап жүрміз, де­ген­­мен әрбір азаматтың дауы­сы маңызды болғандықтан өткі­зілгелі отырған референдум тура­лы неғұрлым көп ақпарат айтып, ақпараттандыру жұ­мыс­та­рын қарқынды жалғас­ты­ру керек», деді ол.

Соңғы әлеуметтік сауалдама нәтижелері бойынша референдумды халықтың 72%-дан астамы қолдаған. Бұл туралы ҚҚДИ сарапшысы Жақсыбек Жиеналиев мәлімдеді. «Конс­ти­ту­цияға өзгерістер мен то­лық­­тыруларды енгізу бұған де­йін де болғаны белгілі. Осы уа­қыт­қа дейін өзгертулер Пар­ламент қ­арауына ұсынылып, де­­путаттардың мақұлдауымен өзге­­ретін.

Соңғы әлеуметтік сауал­да­­ма­ның нәтижесі бойынша 72%-дан астам халық референдум­ды қолдап отыр. Бұл жақсы көр­сеткіш, азаматтарымыздың сая­си белсенділігі жоғары екені бай­қалады. Қазақстанда 11 мил­­лионнан астам адам рес­пуб­­ли­ка­лық референдумға қа­ты­са алады, олардың басым бөлігі жастар. Яғни 18-45 жас аралығындағы әрбір қазақстандық бірінші рет өз таңдауын жасап, еліміздің әділ әрі дамыған мемлекет болуына өз үлесін қосайын деп отыр», деп атап өтті А.Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар

Құрбан айт қашан басталады?

Қоғам • Бүгін, 10:32

Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 10:20