Қазақстан • 30 Мамыр, 2022

Жансая Әбдімәлік шахмат Бундеслигасының чемпионы болды

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық гроссмейстер және Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік әйелдер Бундеслигасында (Германия) өзі өнер көрсеткен OSG Badаen-Baden командасы жеңімпаз болғанын мәлім етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жансая Әбдімәлік шахмат Бундеслигасының чемпионы болды

«Достар, мен Бундеслига атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас - SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл - шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік», деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Шахматшы атап өткеніндей, OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болған.

«Осылайша, біздің клуб рекордты түрде 12-рет Бундеслига жеңімпазы атанды!» деді ол.