Қазақстан • 30 Мамыр, 2022

Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

«Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 20 маусымға дейін тұтқында болады. Қамауда ұстау мерзімі Алматы қаласының ауданаралық тергеу сотының шешімімен тағы бір айға ұзартылды. Тұтқында ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 13 мамырда қабылданды», деді Алматы қалалық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Еске сала кетсек, 9 қаңтар күні Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алған.

2022 жылғы 19 ақпанда ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын. Осы бапқа сәйкес, әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.