Ауа райы • 30 Мамыр, 2022

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 31 мамыр мен 1-2 маусымдағы ауа райын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

«Жылудың артынан жаңбыр келеді. Мамырдың соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады - найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді», делінген хабарламада.

Алайда метеорологтар 1 маусымда Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайтынын, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның көтерілуіне алып кетелітінін айтты.

«1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанады», дейді синоптиктер.