Ауа райы • 31 Мамыр, 2022

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

723 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның батыс бөлігіне антициклон әсер етеді, осыған байланысты батыс пен оңтүстікте жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтің мәліметінше, бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді және бұршақ жауады.

Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Жел күшейеді, оңтүстікте, таулы аудандарда жел екпіні - 17-22, облыстың шығысында - 24-29 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, жел қарқыны түнде солтүстікте, батыста - 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде - 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстігінде түнде жел - 15-20, күндіз басым бөлігінде - 15-20, күндіз екпіні - 23 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, желдің күші - 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, түнде облыстың батысында жел қарқыны - 15-20, күндіз - 15-20, 25 м/с. Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл тұрады. Жел екпіні - 15-20 м/с. Жамбыл ​​облысының оңтүстігінде, шығысында, тау және таулы аудандарда найзағай, бұршақ, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің күші - 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстанның облысының Жарма, Катон-Қарағай аудандарында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.