Ұлттық спорт • 31 Мамыр, 2022

Ұлттық ойынды ұлықтаған жарыс

1193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалар жылы аясында Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» атты ұлттық спорттық ойын түрлерінен облыстық спартакиада өткізілді.

Ұлттық ойынды ұлықтаған жарыс

Облыстық білім басқар­масы­ның аймақтық дене тәрбие­сі методикалық орталығы ұйым­дастырған сайысқа облыс аудандарынан 38 команда қатысып, бақтарын сынады. Орталық бекіткен төрешілер алқасы командалар ойынына баға берді.

Мектеп оқушылары арасында үздік құраманы анықтап, жас жеткіншектерді дене тәр­биесі және ұлттық спорт түрле­рі­мен тұрақты шұғылдануға бейім­деуден бөлек спорт резерв­терін дайындап, спортшылар ше­берлігін арттыруды мақсат еткен сайыстың жоғары деңгейде өтуіне «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орта­лығының да қосқан үлесі үлкен.

Тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, бұ­қа тартыс, жаяу жарыс, мер­гендік сынау, асық ату, бес асық, арқан тарту, шоқпарласу, гір тасын көтеру, қол күрес секілді 11 жарыстың басын қосқан спартакиада қатысушылары командасын жеңіске жеткізу үшін барын салды.

Екі күндік жарыс нәтижесінде бірінші орынды Қазалы ауданы командасы алса, екінші орынға аралдықтар, ал үшінші орын тұғырына қармақшылық оқушылар көтерілді.

а

 

Қызылорда