Аймақтар • 31 Мамыр, 2022

ШҚО трассаларында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы трассаларда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО трассаларында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусым мен 15 тамыз аралығында сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін ауа температурасы +25°С жоғары болған кезде бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысы үшін уақытша шектеу енгізілді.

«Бұл шектеу жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын автокөліктерге, сондай-ақ тез бұзылатын тауарларды, қауіпті жүктерді, жолаушылар мен багажды тасымалдайтындарға қолданылмайды. Ауыр жүк таситын жүргізушілерге енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршрут құруға шақырамыз»,  деп хабарлады ведомство өкілдері.