Референдум • 31 Мамыр, 2022

Жер байлығы халық үшін

586 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді жан-жақты түсіндіру үшін Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанат Омарбекова және Ирина Унжакова арнайы жұмыс сапа­рымен Шығыс Қазақстан облысына келіп, Өске­мендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық­тан­дырылған кітапхана қызметкерлерімен кездесті.

Жер байлығы халық үшін

Референдумның ел ерте­ңі үшін маңызды екенін тү­сін­­ген кітапхана ұжымы де­путат­тармен кездесуге бір кі­сідей қат­ысты. Өз кезек­те­­рінде сұ­рақ қойып, пікір ал­масты.

– Өңір тұрғындары референдумнан оң өзгеріс­тер күтеді. Көбі келіп, өз да­­уыс­тарын беруге ниет­ті. Бұқа­ра­лық ақпар­ат құ­рал­дары ар­қы­лы да қа­жет­ті ақпараттар ұсы­ны­лы­п жатыр. Осы ретте аудан, қаланы аралап түсін­ді­руі­міз қан­шалықты қажет деп екі ойлы болдық. Алай­­­да­ жұрт­шылықпен жүз­­десіп, әр норманы түсін­д­іргенімізде, олардың кө­кей­лерінде жүрген сауалда­рын тыңдадық. Құр сынай бергеннен гөрі, өзгеріс үшін өз дауыстарын берсе дұрыс. Сайып келгенде, де­мократиялық қоғамды бір­лесе құруымыз керек, – дей­ді Жанат Омарбекова.

Депутаттың айтуынша, егер Конституцияға енгізілетін өзгерістер қа­был­дан­са, елі­міз өзінің саяси дамуы­ның жаңа деңгейіне өтеді. Өйткені ре­форма құ­қықтық, партиялық жү­йе­ні, мемлекеттік билік бө­лі­­нісінің принциптерін өзгер­те­ді.

– Еліміздің өзгергенін қа­л­асақ, 5 мау­сымдағы жал­пы­­халықтық референ­дум­ға қа­тысуымыз керек, – деді Жанат Омарбекова.

Сонымен қатар Ирина Ун­жакова айтып өткендей, Конс­титуцияның жаңарған нұс­қасында құқық қорғау сала­сы бойынша маңызды өзге­рістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құры­лады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни ом­бу­дс­меннің мәртебесі Ата Заң­­мен айқындалады. Еліміз­де өлім жазасы мүлде жо­йылды. Мұның бәрі аза­мат­тардың құқықтары мен бос­тан­дықтарын қорғау үшін жаса­лып жатыр.

– Біз азаматтармен кез­десіп Конституцияға енгізі­летін өзгерістер мен толық­ты­руларды жан-жақты тү­сін­­діріп, туындаған сұрақ­та­рына жауап берген кезде адамдардың референдумға деген көзқарасы өзгеріп, қолдайтындықтарын айтып жатады. Кез келген ақ­па­рат­ты халыққа түсі­нік­ті тілде дұ­рыстап жет­кі­зу ма­ңыз­ды, – дейді И.Унжакова.

Кез­десуге қатысқан кітап­хана қызметкерлері Рес­пуб­ликалық штабтың мүшелеріне өз сұрақтарын қойып, ұсыныс пікірлерін де білдірді. Әрине, 5 маусым күні өз таңдауларын жасайтындарын жеткізді.

 

Шығыс Қазақстан облысы