Қоғам • 01 Маусым, 2022

Қазақстанның дінаралық диалогқа қосқан үлесін жоғары бағалады

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ватиканға ресми сапармен барған Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францисктің жеке қабылдауында болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның дінаралық диалогқа қосқан үлесін жоғары бағалады

Апостол сарайының Папа кітапханасында өткен келіссөздер барысында Понтифик Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Рим-Католик шіркеуінің басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы жалпыұлттық референдум өткізу аясындағы сая­си және экономикалық реформаларына жоғары баға берді. Тараптар осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің күн тәртібін талқылады. Понтифик Қазақстанның конфес­сияаралық келісім мен дін­аралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін ризашылықпен атап өтті.

Рим Папасы Францисктің Қазақ­станға мемлекеттік сапармен келуі және съезд жұмысына қатысуы туралы тарихи шешімі ерекше атап өтілді. Министр Папаның сапарын тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азиядан келген католиктер тағатсыздана күтетінін хабарлады.

Сол күні М.Тілеуберді Қасиетті Тақ­тың Мемлекеттік хатшысы (Премьер-Министрі) Кардинал Пьетро Паролинмен және Дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің төр­ағасы кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксотпен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Тараптар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы рухани келісім мен өзара құрмет саласындағы ын­ты­мақтастықты одан әрі дамыту мә­се­ле­лерін талқылады.

Конфессияаралық диалогты да­мытуға, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ілгерілетуге қосқан қо­мақты үлесі үшін М.Тілеуберді Мем­­лекет басшысының атынан М.А.Аюсо Гиксотқа ІІ дәрежелі «Дос­тық» ор­денін тапсырды.