Референдум-2022 • 02 Маусым, 2022

Жаңа Қазақстанның алғышарты

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген Amanat партия­сының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских Жалағаш ауданын­дағы жетекші шаруашылықтардың бірі «Таң LTD» ең­бек ұжы­мы­мен кездесті.

Жаңа Қазақстанның алғышарты

Алдымен шарушылық жұ­мы­сымен танысқан депутаттар еңбек ұжымына референ­дум­ның маңыздылығын, Ата Заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы түсіндірді.

– Өңірдің барлық аудандарында болып, түрлі сала өкіл­дерімен кездесуде әйелдердің зейнет жасын қысқарту, жайылым жер тапшылығы, өнеркәсіп орындарын ашу, субсидия алу төңірегінде ұсыныстар айтылды. Президенттің рефе­рен­дум өткізудегі шешімі на­ғыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты ұста­нымының көрінісі екенін білді­ре­ді. Бұл референдум шын мә­нін­де Әділетті Қазақ­стан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғы­шар­ты, – деді Бақытбек Смағұл.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских референдумның маңыздылығы мен адам құқықтарының қорғал­уы бағытында енгізілетін өзгеріс­тер­ге тоқталды.

– Құқық қорғау саласында елеу­лі өзгерістер енгізілмек. Со­ның ішінде Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, яғни омбудс­мен мәртебесі Ата Заңмен айқын­далады. Мұның бәрі аза­мат­тардың құқықтары мен бос­тан­дық­тарын қорғау үшін жасалмақ, – деді депутат.

Іс-шара соңында «Таң LTD» ұжымы ұсынылған өзгерістерге қолдау білдіріп, референдумға қатысуға дайын екендіктерін айтты.