Референдум • 02 Маусым, 2022

Референдумға қатысудың маңызы зор

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Александр Милютин және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері жұмыс сапарымен Ақмола облысына келіп, облыстың ТЖ департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Референдумға қатысудың маңызы зор

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Щучинск қаласы жа­са­ғының қызметкерлеріне Конституцияға ұсынылған өзге­ріс­терді түсіндірді. Кезде­суге азаматтық қорғау орган­да­ры­ның 100-ден астам қыз­мет­кері қатысып, болашақ рефе­рендум туралы өздерін қызық­ты­рған сұрақтар қойды.

«Болашақ референдум бар­лық қазақстандық үшін өте маңызды оқиға, өйт­ке­ні референдум арқылы Конс­ти­ту­цияға 1995 жылдан бастап өзгерістер енгізілген жоқ. Біздің рес­пуб­ли­камыздың әрбір азаматы, азаматтық қорғау орган­дарының қызметкері осы ма­ңыз­ды сая­си оқиғаға қаты­суға және өз ұстанымын біл­ді­руге құқылы», деп атап өтті Мә­жілістің Экология мәсе­ле­лері және табиғат пайдала­ну коми­те­тінің төрағасы Алек­сандр Милютин.

ТЖМ өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­та­масымен қолға алынған конс­ти­туциялық реформаның негізгі бағыттары туралы егжей-тегжей айтып берді. «Бұл түзе­тулер жалпы алғанда пре­зиденттік реформалар мен­ Жаңа Қазақстан рухына сәй­кес келетін Кон­сти­ту­ция баптарының үш­тен бір бөлігін қамтиды. Конс­­ти­туция­лық өзгерістер мем­ле­кет­тің толыққанды дамуы, сондай-ақ жаңа ұрпақтың мүд­десін көрсету үшін керек», деп атап өтті А.Милютин.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаты мен Төтенше жағ­дай­лар министрлігінің өкіл­де­рі қойылған сұрақтарға жауап беріп, қаты­су­шыларды осы жыл­дың 5 маусымында өтетін бүкіл­халықтық референдумға бел­сен­ді қатысуға шақырды.