Магомед Адиев баптайтын жігіттер бүгін елордада Әзербайжан құрамасымен жолығады. Одан кейін Словакия және Беларусьпен кездесу күтіп тұр.
Осыған байланысты ойыншылардың әлеуетін жан-жақты сараптап, әр матчта тәуір нәтиже көрсетерден жоспар құру керек дейді бас бапкер. Айтулы матчтар алдында құрамаға 27 ойыншы шақыртылып, қазір соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Өкіншке қарай, олардың арасында Бахтиер Зайнутдинов, Айбар Жақсылықов, Марат Быстров сияқты негізгі футболшылар жоқ. Соған қарамастан, жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз дейді ресейлік маман. Әсіресе, өз алаңымызда өтетін матчтарда ұпай алып қалуды көздейді.
«Командадағы жігіттердің бабы жақсы. Мен оларға сенемін. Әрине, Зайнутдинов сияқты футболшылардың болғаны жақсы еді. Бірақ қалған ойыншылар да осал емес. Олар алдағы матчтарда өздерін жақсы көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерді қуантады деп ойлаймын. Әр кездесуге қатысты арнайы жоспар бар. Көбіне қорғанысқа ден қойып, 90 минут бойы тұрақты ойын көрсетуге тырысамыз», деді Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.
Аяна Тоғанбек