Сенат Төрағасы өз дауысын ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде берді. Мұнда бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева дауыс берген болатын.
Орталық референдум комиссиясы таңғы сағат 8.00-де Қазақстанның 9 947 учаскесі, сондай-ақ Қазақстанның 19 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кіріскенін хабарлады. Осылайша дауыс беру референдумның 9964 учаскесінде өтеді.
Сайлау учаскелері 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 11 миллионнан астам қазақстандық сайлау учаскелеріне келе алады, 11 мыңнан астам отандасымыз шетелде дауыс беруге құқылы.
Аяна Тоғанбек