Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Алматыда сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жабдықталған

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдумда дауыс берудің басталғаны туралы алғашқы ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Жанна Асанова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жабдықталған

Спикердің айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес референдум учаскелері бүгін 6.00-де ашылып, 7.00-де дауыс беру басталды. Заңнаманың өрескел бұзушылықтары тіркелген жоқ, барлығы жұмыс режимінде өтуде. Учаскелерде бақылаушылар бар.

«Біздің тізімде дауыс беруге құқығы бар 1 126 854 алматылық тіркелген. Сонымен қатар 1388 есептен шығару куәлігі берілді. Кеше 18.00-де оларды заңды түрде беру кезеңі жабылды және осындай сан анықталды. Дауыс беру белсенділігі біртіндеп артып келе жатқанын атап өткім келеді. Таңертең 7-де бізде алғашқы дауыс бергендер болды. Оқиғалардың қалай дамитыны туралы келесі брифингте хабарлайтын боламыз», деді қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрайымы.

Сондай-ақ Ж.Асанова 12.00-ден кейін заң бойынша өтініштер сағат 12.00-ге дейін қабылданатындықтан, қанша алматылық үйде дауыс беретіні анықталатынын хабарлады.

«Қаладағы референдумның барлық учаскелері мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған. Рас, екі учаске екінші қабатта орналасқан. Дауыс беру орталықтары жақын маңдағы шағын аудандардың тұрғындарына келуге ыңғайлы болатындай етіп ұйымдастырылған. Мұны бірінші қабатта жасауға барлық жерде мүмкіндік жоқ. Бірақ комиссия мүшелері мен ғимарат әкімшілігінің өкілдері мүмкіндігі шектеулі адамдарға міндетті түрде көмектеседі», деп атап өтті спикер.

Соңғы жаңалықтар