Ауа райы • 06 Маусым, 2022

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

377 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет 6 маусымға арнаған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болжанады. Найзағаймен жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстік-батысында – шаңды дауыл соғады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай, тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының шығысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз таулы аудандарда найзағай күтіледі. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде – тұман, күндіз облыстың батысында – жел 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағаймен бірге жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, жел 15 м/с күтіледі. Қарағанды облысының орталығында, шығысында найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз оңтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында желдің күшеюі 15-20 м/с болады. Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және орталығында – найзағай, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде – тұман түседі. Күндіз Атырау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.