Заң жобасының сәтсіздігі Батыс жағалаудың құқықтық жүйесіндегі теңсіздікті де көрсетті. Мұнда шамамен 500 000 еврей қоныстанушы Израиль азаматтығының артықшылықтарын пайдаланады. Ал 3 миллионға жуық палестиналық алпыс жылдан бері әскери биліктің қол астында өмір сүріп келеді.
Премьер-министр Нафтали Беннеттің коалициясы билікте қалды. Бірақ дүйсенбі күнгі дауыс беру альянстың әлсіз жақтары мен бірлігі жоқтығын көрсетті.
Ондаған жылдарға созылған төтенше жағдай ережелері Батыс жағалаудағы еврей қоныстанушылар үшін жеке құқықтық жүйені құрды. Израиль 1967 жылы аумақты басып алғаннан бері қоныстанушылар үшін орнатқан бұл құқықтық жүйе күмән тудырады. Ол сондай-ақ онда тұратын 500 000 қоныстанушының құқықтық мәртебесін өзгертуі мүмкін.
Гүлдана Елубай