Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Жалпы алғанда, ТМД-дан келген байқаушылар 865 референдум учаскесінде болып, саяси науқанның әділ өтуін бақылады. Барлық учаскеде байқаушылардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасалғанын айта кеткен ләзім.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаны Парламенттің қолдауымен қабылдай салмай, мемлекеттік маңызды мәселені ел тұрғындарын қатыстыра отырып шешкенді жөн деп тапты. Бұл өте дұрыс ұйғарым екеніне ешкімнің таласы жоқ. Елдегі қандай мәселе халықтың қатысуымен шешімін тапса, одан ешкім ұтылмайтыны даусыз. Ал халық саяси реформаны қолдап дауыс берді. Мұның өзі Президент Тоқаевтың дұрыс саясат жүргізіп отырғанын айқындай түседі.
Қорыта айтатын болсақ, біздің байқаушылар қатысқан учаскелерде ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Халық күні бойы келіп, өз дауысын беріп жатты. Учаскелердегі комиссия мүшелері де барлық заң талабына сай жұмыс істеді. Қандай да бір референдум учаскесінде түсініспеушіліктер туындамағаны бізді де қуантты.
Леонид АНФИМОВ,
ТМД байқаушылар миссиясының төрағасы