Бір анығы, референдумға дайындық жұмыстары өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын аңғардық. Дауыс беру процесі де бір жүйеге келтірілгені даусыз. Байқаушыларымыз ағылған халықпен сұхбаттасу барысында елдің референдумға деген қызығушылығына риза болды. Халық шын мәнінде белсенділік танытты.
Конституциялық реформаға байланысты өткен жалпыхалықтық референдумда байқаушыларымыз ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін ресми түрде мәлімдеді. Мұның барлығы да жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесі деп білеміз. Ал саяси науқанға келген жұрттың жүзінен қуаныштың табы аңғарылып тұрды.
Қазақстан халқы Президенттің ұсынған өзгерістерін қолдады. Олар Қазақстанды дамыту жолында жаңашыл көзқарас керектігін түсініп отыр деуге толық негіз бар. Қысқасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан Жаңа Қазақстанды құру жұмыстары енді қыза түседі. Бұл, әрине, қолдауға тұрарлық бастама.
Чжан МИН,
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы