Қазақстан • 08 Маусым, 2022

БҰҰ гендерлік мәселелерге арналған курс өткізді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төрт күндік сабақтар Қазақстандағы Канада елшілігінің қолдауымен Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік дайындық орталығында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ гендерлік мәселелерге арналған курс өткізді

Бұл курстың мақсаты - Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссияларында ұлттық контингенттің жеке құрамының гендерлік проблематика саласынан хабардар болуын арттыру.

Оқу бағдарламасын орталық нұсқаушылары әзірлеген және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының сарапшыларымен бірлесіп өткізіледі.

Гендерлік мәселелер - Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметінің, атап айтқанда, ұлттық бітімгерлік контингенттерді даярлау процесінің өзекті және ажырамас бөлігі.