22 Сәуір, 2014

Солтүстік өнерпаздары Санкт-Петербургте қазақ әнін шырқады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-04-14-peterburg-1

ПЕТРОПАВЛ. 22 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысының жас өнерпаздары Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен XVII «Праздник детства» халықаралық фестивалінен табысты оралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Балалар мен жеткіншіктер шығармашылығына арналған дүбірлі байқауға әлем елдерінен келген мыңнан аса жас өнерпаз қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының жас өнер иелерінен құралған Қазақстан делегациясы сапындағы бес әнші, скрипка мен фортепьянода ойнаушылар  өнерлері қазылар алқасы тарапынан жоғары баға алды. Скрипка бойынша «ЛОРД» мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Кәмила Зікірина бірінші орынды жеңіп алса, №1 қалалық жалпы білім беретін лицейдің 3-сынып оқушысы Айзере Малғаждарова фортепьянодан екінші орынды иеленді. Бес әншінің үшеуі жүлдегер атанды. Олардың орындауындағы «Анаға сәлем» әніне залдағылар дүркірете қол соқты. Өмір Есқали. Дереккөз: egemen.kz. Фото: vk.com.