Қазақстан • 09 Маусым, 2022

Сайлау комиссиясының саны 239-ға жетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 8 маусымда Ортсайлауком жаңа аумақтық сайлау комиссияларын құрды.

Сайлау комиссиясының саны 239-ға жетті

«Қазақстан Республика­сын­­­дағы сайлау ту­ра­лы» Конститу­циялық заңның 10-ба­бы­­­ның 3-тар­мағына және «Қазақ­­­стан Рес­пуб­ликасының әкім­шілік-аумақ­тық құры­лы­сы­ның кейбір мәсе­лелері туралы» 2022 жылғы 3 ма­мыр­дағы №887 Президенттің Жар­лы­ғына сәйкес, Орталық сай­лау комиссиясы №48/507, №48/508, №48/509, №48/510 қаулы­лары арқылы Абай, Жетісу, Ұлы­тау облыстарының, сондай-ақ Абай облысы Ақсуат ауданының және Шығыс Қазақстан облысы Са­мар ауданының аумақтық сайлау комиссияларын құрды.

Осылайша жаңадан құрылып отырған 5 сайлау комиссиясын есепке алғанда, еліміздің сайлау жүйесінде 239 аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істеуде.