Қазақстан • 09 Маусым, 2022

Жайылым тапшылығы өзекті болып тұр

501 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Amanat партиясының хатшысы Эльдар Жұма­ғазиев Парламент Мәжі­лісіндегі фракция мү­шелері Аманғали Бер­далин және Ерлан Саиров­пен бірге Қарағанды облы­сы­ның Нұра ауданы тұр­ғындарымен кездесті, деп хабарлады партияның бас­пасөз қызметі.

Жайылым тапшылығы өзекті болып тұр

Кездесу кезінде Қарой және Жарас­пай ауылдық округ­тері­­нің тұрғындары жайылым тап­шылығына шағымданды. «Мәселе өте өзекті. Малға азық таппай отырмыз. Айналадағы жердің барлығы жеке меншікте. Иелері бұл жерге мал жаюға рұқсат бермейді, ал өздері де бұл жерді пайдаланбайды», деді ауыл тұрғындарының бірі Амантай Құпанов.

Нұра ауданының әкімі Аян Шалмағамбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда жайылымдық жерлерді тиімсіз пайдалану фактілері орын алып отырғаны рас. Аудан әкімдігі жүргізген тал­дау нәтижесі бойынша жеке қосал­қы шаруашылықтағы 75 мың бас мал үшін 641 мың гек­тар жайылым қажет екені анық­талды. Бұл ретте 261 мың гектар жайылым жер тапшы. Тек алты ауылдық округ бойынша жайылым мәселесі 100% шешілген.

«Ауылдағы бірден-бір табыс көзі жайылымға тікелей тәуелді мал шаруашылығы екенін түсі­нуіміз керек. Бірақ жердің көп­тігіне қарамастан әр аймақта ауыл тұрғындарына мал жаюы үшін жер жетіспейді. Ал осы елді мекендерге жақын жерлер тозып кеткен. Бүгінгі таңда еліміздегі жайылымдық жерлердің жалпы қажеттілігі 22 млн гектарды құрайды. Ауылдық жерлерде халқымыздың жартысына жуығы тұратындықтан Amanat бұл мәселеге ерекше назар аударады», деп атап өтті партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Мәселені жүйелі түрде шешу үшін партиялықтар ауыл әкімдері өз деңгейінде суару және жердің деградациясы проблемаларын шеше алатындай қолданыс­тағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда, жайылым­дардың тозуына және шөлейт­тенуіне қарсы күрес жөніндегі бюджеттік бағдарламаны облыстық деңгейден ауылдық округтер әкімдерінің деңгейіне беру, мал басын ескере отырып, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеме нормаларын жаңарту, елді мекен шекарасынан 5 км радиуста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жайылым беруге тыйым салу ұсынылады.

Нұра ауданындағы проб­леманы шешу үшін әкім Аян Шалмағанбетовке жайылымдық алқаптарда халықтың мал жаюын қамтамасыз етуге ауыл шаруашылығы тауарын өнді­рушілер, ауыл әкімдері және жергілікті қоғамдастық арасында меморандум жасасу тапсырылды. Сондай-ақ ауылдар мен кенттердің әкімдеріне шал­ғайдағы мал шаруашылығы үшін босалқы жерлерден уақыт­ша ақысыз жер пайдалану құ­қығымен алқаптар беру тапсырылды. Бұл мәселе партияның ерекше бақылауына алынды.