Мәлімет бойынша, 5 маусымда Бутелези Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) Африка чемпионы белбеуі үшін өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға жатқызылған. Ол оныншы раундта отандасы Сифесихле Мнтунгваны нокдаунға жіберген. Бірақ қарсыласы қайта тұрып, жекпе-жекті жалғастыруға дайын екенін білдірген. Алайда Бутелези аяқ асты қарама-қарсы бағытқа бұрылып, ауаға соққы жасап, көлеңкемен жұдырықтаса бастаған. Төреші жекпе-жекті дереу тоқтатып, жедел жәрдем шақырған.
Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілген Бутелезидің миына қан құйылған. Спортшы комаға түсіп, дәрігерлер қолдан келгенін жасаған. Бірақ өкінішке қарай, Бутелези есін жимастан көз жұмған.
Айта кетсек, Бутелези кәсіпқой рингте төрт мәрте жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.
Салтанат Кенжебай