Қоғам • 10 Маусым, 2022

Мектептің өз жылыжайы болады

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы Құрманғазы ауданының Орлы кентіндегі мектептің өз жылыжайы болады. Қазіргі таңда жылыжайдың құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Мектептің өз жылыжайы болады

Бүгінгі таңда «Құрманғазы – туған жер» қоғамдық қоры балаларды еңбекке бау­лу, оларға көкөніс өсіру технологияларын үйрету мақсатында Орлы ауы­лын­да Нұғман Манаев атын­дағы жалпы орта мектеп­те жы­лы­жайдың құрылыс жұ­мыс­тарын жүргізіп жатыр. Жақын арада мұнда көкөністер егіліп, оқушыларға арналған прак­тикалық сабақтар өткізілмек. Бұл сабақтарда жасөспірімдер көкөністің түрлерін күту дағ­дыларына, суару тәсілдеріне, түрлі минералдарға қатысты біліктілігін арттыра алады. Қо­ғамдық қор жетекшісі Аза­мат Абдуллаевтың айтуына қа­ра­­ғанда, жоба оқушыларға болашақ мамандықтарын таң­дауға септігін тигізіп қана қоймай, аудан жастары арасында волонтерлік қозғалыстың жандануына арқау болады.

«Біздің ауданда 32 мектеп бар. Бір өкініштісі, олардың ешбі­рінде жылыжай жоқ. Жы­­лы­жайды мектепте орнату ар­қылы біз оқушыларды еңбек­сүй­гіштікке ша­қырамыз, өз ең­­бегімен таза өнім алуды үй­­­­ретеміз. Жылы­жайда ар­­найы сабақтар өткіземіз. Біз­ге көр­­­ші мектеп­тердің де оқу­шы­­­­лары келеді. Олар во­лон­тер­­лік негізде ауда­ны­мыз­дың көгалдануына өз үле­сін қо­сады. Тіпті мұндай ша­ра­лар са­бақтарға қатысатын балалар­дың болашақта агрономия сияқ­­ты мамандықты таң­дауына сеп бола алады», дейді Азамат Абдуллаев.

Жобаны «Құрманғазы – туған жер» қоғамдық қоры «Шелл Қа­зақ­стан» компаниясы және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «ЭкоБатыс» бастамасы щеңберінде іске асырады. Қор басшысы жылыжайдың құ­рылыс жұмыстарын маусымда аяқтап, егу шараларын бастауды жоспарлап отыр.