Әлем • 10 Маусым, 2022

Мексикада белгісіз біреулер 7 адамды өлтіріп кетті

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың орталығындағы Сан-Луис-Потоси штатында жеті адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексикада белгісіз біреулер 7 адамды өлтіріп кетті

Мәйітті қажетті зерттеулер жүргізу үшін сот-медициналық сараптама бюросына жіберілді. Қанды қырғынға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Соңғы жылдары Мексика қауіпсіздік дағдарысын бастан өткеруде. Мамыр айында билік өкілдері 2,5 мыңға жуық қасақана кісі өлтіруді тіркеді, бұл жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сәуір айымен салыстырғанда зорлық-зомбылық деңгейі 16% - ға өскен.

Салтанат Кенжебай