Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша берілген өтінімдер саны – 19 285, олардың 4 750-і
мақұлданды.
10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әр түрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, Мемлекеттік кірістер комитетінде қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені. Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:
- Алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,
- Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,
- Қатысушының өзі күшін жойғандар – 1 887 және т.б
Еске сала кетейік, жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы биылғы 18 сәуірде іске қосылған болатын.